қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.09.2025

Абай атындағы ҚазҰПУ халықаралық ғылыми аренада


2025 жылдың 3-6 қыркүйегі аралығында Шотландияның Глазго қаласында Мінез-құлық және когнитивті терапияның Еуропалық қауымдастығының (EABCT 2025) 55-ші жыл сайынғы конгресі өтті. Бұл - білім беру саласының зерттеушілері мен когнитивті-бихевиоралдық терапияның бүкіл әлемдегі практик мамандарын біріктіретін ең ірі ғылыми шара.


Конгреске 40-тан астам ел қатысты, және біз үшін зор мәртебе - Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Орталық Азиядан келген жалғыз өкіл болып, өңірлік тұрғыдан мінез-құлық денсаулығы мен дәлелді психотерапиялық тәжірибелерге жаңа көзқарас ұсынды.

 

Біздің зерттеулерді профессор, психология ғылымдарының докторы Надежда Жиенбаева, профессор, педагогика ғылымдарының докторы Улжаркын Абдигапбарова, профессор, психология ғылымдарының докторы Ольга Тапалова және клиникалық және әлеуметтік психология докторанты Нургүл Суюндыкова таныстырды.


Біз екі ғылыми баяндама ұсындық:
1. «Қазақстандық ЖОО студенттерінің цифрлық мінез-құлқын алдын алу мақсатында когнитивтік-бихевиоралдық терапия негізінде оқытушылар мен студенттердің онлайн-қоғамдастығын құру» - студенттердің цифрлық мінез-құлқын бағалау мен алдын алу, олардың психологиялық цифрлық сауаттылығын арттыру және эмоционалдық өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту үшін онлайн-қоғамдастықтар құру.


2. «Қазақстандық популяцияда аддиктивті бұзылыстардың алдын алу мен интервенциясында когнитивтік-бихевиоралдық терапияның рөлі» - импульсивтілікті, эмоционалдық дисрегуляцияны және ойынға тәуелділіктің белгілерін төмендетуде КПТ-интервенциялар мен өзін-өзі реттеу цифрлық құралдарының (Gamban, BetBlocker) тиімділігін зерттеу.

 

Конгресс тақырыбы - «Глазгоны жасайтын тек адамдар: байланыстар өзгерістерді алға жылжытады» - біздің зерттеулерімізбен үндес, өйткені ғылым мен КПТ тәжірибесіндегі прогрестің қайнар көзі - халықаралық және пәнаралық байланыстар.

 

EABCT 2025-ке қатысу біздің командамыз үшін ғылыми нәтижелерді ұсынумен қатар, мінез-құлық денсаулығы саласындағы әлемдік жетекші мамандармен ынтымақтастықты нығайту мүмкіндігіне айналды.

 

 

 

  alt=  


  alt=