![]()
08.09.2025 Тіл мерекесі аясындағы тағылымды шара Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология факультеті халқымыздың рухани көсемі, Ұлт ұстазы, Алаштың ардагер көшбасшысы, мемлекет және қоғам қайраткері түркітанушы ғалым, талантты ақын, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынұлы түркі әлеміне ортақ ұлы тұлғаның туған күні құрметіне бекітілген Қазақстан халқы тілдері мерекесі күні ұйымдастырылған «Ұлт ұстазын ұлықтау» тақырыбындағы мерекеге қатысты. Филология факультетінің деканы, профессор Алуа Таңжарықова., факультет деканының әлеуметтік-тәрбие істері жөніндегі орынбасары Мағжан Жұмағұлов., Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Балқия Қасым., Ахмет Байтұрсынұлы орталығының жетекшісі Роза Бақбергенова және Ұлттар достығы университеті (Қытай Халық Республикасы) мен республикамыздың әр тарапынан академиялық ұтқырлық бойынша білім алуға келген студенттер Ахмет Байтұрсынұлы саябағындағы ескерткіш пен музей-үйі алаңындағы бюстіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Шетелдік студенттер мен факультетіміздің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттері «Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы» көрмесін тамашалап, «Ұлт ұстазын ұлықтау» атты дөңгелек үстелге қатысып, ғалым мұрасына арналған баяндамалар мен қонақтардың лебізін тыңдады. Музей қорына құнды жәдігерлерді табыстау рәсімінің куәсі болды.
Филология факультетінің деканы Алуа Василийқызы Алаш қайраткерлерінің есімдерін ардақтап, еңбектерін ұлықтау - қазақ ұлтының парызы екендігіне тоқталды. Қазақ елінің тарихында Ұлт ұстазының туған күні мен Қазақстан халқы тілдері мерекесі күні Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықоваға, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, ахметтанушы ғалым Райхан Имаханбетке, мерелік кеш жүргізушісі Әділет Ахмет пен музей қызметкерлеріне керемет мерекелік бағдарлама ұйымдастырғаны Абай университеті атынан шынайы алғыс білдірді.
|