қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.09.2025

Abai University QS Stars рейтингінде 5 жұлдызды иеленді

 

Құрметті әріптестер, студенттер, Abai University қызметкерлері!

 

Сіздерді халықаралық QS Stars рейтингісінің нәтижесінде 5 жұлдызға ие болуымен шын жүректен құттықтаймын!

 

Бұл жетістік - бай тарихы мен берік дәстүрі бар Abai University шежіресіне жазылған алтын әріптермен жазылатын ерекше белес!

Бұл жай ғана жоғары баға емес, бұл - Abai University-дің халықаралық аренадағы және жаһандық академиялық қауымдастықтағы жетекші деңгейде мойындалуы.

 

Аталған табыс - университетіміздің оқыту сапасының, халықаралық әріптестігінің, инфрақұрылымының және инклюзивтігінің жоғары деңгейін дәлелдейтін маңызды жетістік.

 

Бұл - университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бүкіл ұжымның жүйелі, күнделікті еңбегінің нәтижесі.

Бұған дейін мұндай жоғары бағаға Қазақстанда тек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана ие болған еді. Енді сол көшбасшылар қатарына Абай атындағы ҚазҰПУ да қосылды!

 

Университет дамуына үлес қосып жүрген әрқайсыңызға алғысымды білдіремін. Бұл - барлығымыздың ортақ жеңісіміз!

 

 

  alt=