қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.08.2025

ҚазҰПУ-ға 189 докторант, 609 магистрант грант арқылы қабылданды


2025-2026 оқу жылында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан бөлінген мемлекеттік гранттар негізінде 609 магистрант пен 189 докторант қабылданды.

 

Жалпы республика бойынша магистратураға 10 мыңнан астам, ал докторантураға 3000-ға жуық мемлекеттік білім гранты қарастырылды. Осы көрсеткіштер аясында ҚазҰПУ еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны ретінде жас ғалымдар мен болашақ мамандарға магистрлік және докторлық деңгейде білім алу мүмкіндігін ұсынып отыр.

 

Магистратураға құжат қабылдау 12-18 тамыз аралығында, ал докторантураға өтініштерді қабылдау 3 шілде мен 3 тамыз аралығында жүргізілді. Талапкерлер құжаттарын виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы онлайн немесе дәстүрлі түрде тапсыра алды.

 

Аталған грант иегерлері ғылыми-зерттеу және кәсіби әлеуетін дамытуға жол ашып, заманауи білім беру үрдістерін меңгереді. Магистратура бағдарламалары халықаралық тәжірибеге негізделген оқу жоспарлары арқылы жүзеге асса, докторантурада ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылады.

 

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті - Қазақстандағы педагогикалық кадрлар даярлаудың басты орталықтарының бірі. Жаңа оқу жылында магистратура мен докторантура гранттарының иегерлері білім мен ғылым саласында өз әлеуетін іске асырып, ел дамуына үлес қосады деп күтіледі.

 

  alt=