қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.07.2025

Абай университетінде ішкі талдау нәтижелерін тақылау өтті


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бұл талдау Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің жұмысына қатысты болды.

 

Талдау университеттің Басқарма төрағасы - ректорының 2025 жылғы 19 мамырдағы №05-04/435 бұйрығына сәйкес жасалды.

 

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобасы аясындағы Типтік базалық бағыттардың 4-бөліміне (ТББ-4) сәйкес, ішкі талдау нәтижелерін ашық түрде талқылау қажет.

 

Осыған байланысты, 2025 жылғы 30 шілдеде кеңейтілген жиналыс өтті. Оған келесі тұлғалар қатысты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы мен қызметкерлері, Академиялық қызмет жөніндегі проректор, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен өкілдері.

 

Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен ұсыныстар университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты шеңберінде қаралады және қажетті шаралар қабылданатын болады.

 

  alt=  


  alt=