қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.07.2025

Алматы – QS Best Student Cities 2026 рейтингінде ТОП-100 қатарына енді


Алматы қаласы студенттер үшін өмір сүруге және білім алуға қолайлы әлемдегі ең үздік қалалардың қатарына еніп, QS Best Student Cities 2026 халықаралық рейтингінде 91-орын алды. Бұл - Алматының аталған жаһандық рейтингке алғаш рет енуі.


Рейтинг қалалардың қауіпсіздігі, инфрақұрылым сапасы, өмір сүру мен білім алудың қолжетімділігі, халықаралық студенттер үшін тартымдылығы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері сияқты бірқатар маңызды параметрлерге негізделген. Алматы «өмір сүру мен оқудың қолжетімділігі», «студенттік құрылымның әртүрлілігі», «қаланың студенттер үшін тартымдылығы» және «студенттердің пікірі» санаттары бойынша жоғары бағаланды.


Жаһандық рейтингтің үздік үштігіне Сеул, Токио және Лондон енді. ТОП-10 құрамына сондай-ақ Германия, Франция, Швейцария, Австралия және Австрия елдерінің қалалары кірді. Орталық Азиядан үш қала танылды: Алматы (91-орын), Астана (127-орын) және Бішкек (138-орын).


Алматы - еліміздегі жоғары білім беру саласының басты орталықтарының бірі. Мұнда Қазақстанның ұлттық жетекші жоғары оқу орындары орналасқан. Соның бірегейі Абай атындағы ҚазҰПУ - педагогикалық білім беру саласында Қазақстан мен Орталық Азия бойынша көшбасшы университет.


Қазіргі таңда Алматыда талапкерлерді қабылдау науқаны белсенді жүргізілуде. Халықаралық қауымдастық тарапынан қаламыздың жоғары бағалануы Алматыда білім алуға ниетті жастар үшін зор мотивация және үлкен мүмкіндік болмақ.

 

  alt=  


  alt=