Студенттерді құқықтық тәрбиелеу
Алматы қаласында «Заң және тәртіп» жалпы республикалық іс-шарасы шеңберінде ауқымды іс-шараларды іске асыру жалғасуда, оның шеңберінде, 09 сәуір 2025 жылы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Абай университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комлаенс-қызметімен бірлесіп университеттің студенттерімен іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара «Құқықтық тәртіп» студенттер арасында қоғамдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін түсіндіру бойынша пікірталас түрінде өтті.
Департамент қызметкерлері студенттермен «Жақсы деген не және жаман деген не?» сондай - ақ, «Құқықтық тәртіп-тұрақты және қауіпсіз қоғамның негізі» атты ұйымдастырылған пікірталас турнирлері қызықты өтті.
Қатысушылар студенттердің құқықтық білімі тұрақты және жүйелі болуы керек деген шешімге келді.