қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.07.2025

ҚазҰПУ-да философия докторы (PhD) дипломдары салтанатты түрде табысталды

 

2025 жылғы 4 шілдеде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.


Жиынға университеттің Басқарма төрағасы - ректоры Болат Тілеп, академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова, зерттеу қызметі және инновациялар жөніндегі проректор Ертай Сұлтан, қаржы және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Камиля Аменова, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақау, сондай-ақ департамент басшылары, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттар қатысты.


Іс-шара барысында ректор Болат Тілеп оқу жылының аяқталуымен университет ұжымын құттықтап, 2024-2025 оқу жылындағы ғылым мен жоғары білім беру саласында қол жеткізілген нәтижелер үшін алғысын білдірді.


Отырыс аясында еліміздегі ғылымның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар оқытушыларға философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің дипломдары салтанатты түрде табысталды.

 

Сонымен қатар, 2024-2025 оқу жылында Диссертациялық кеңестердің жұмысы нәтижесінде 65 докторант ғылыми диссертацияларын сәтті қорғап, PhD дәрежесін иеленді. Оның 16-сы - еліміздің өзге жоғары оқу орындарынан келіп, диссертациялық жұмыстарын Абай университетінің базасында қорғады. Бұл - университеттің жоғары ғылыми әлеуеті мен ашық академиялық ортасының айқын көрінісі.

 

Қазіргі таңда Абай университетінде 17 диссертациялық кеңес тұрақты жұмыс істейді. Кеңес құрамына еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары тұрақты мүше ретінде кірсе, ғылымиметрикалық көрсеткіштері жоғары шетелдік ғалымдар уақытша мүше ретінде тартылған.


Жаңа дәрежеге ие болған жас ғалымдарды шын жүректен құттықтаймыз!

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=