«Заң және тәртіп: болашақ ұрпақтың жауапкершілігі мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру»
Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комлаенс-қызметпен бірлесіп, Президенттің «Заң және тәртіп» бастамасын ілгерілету шеңберінде, 10 сәуір Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттерімен өткен іс-шараны ұйымдастырды.
Іс-шара ойын-сауық форматында өтті, бұл заңның сақталуына қатысты маңызды мәселелерді қызықты әрі қолжетімді түрде талқылауға мүмкіндік берді. Кездесудің негізгі мақсаты жастардың санасында қоғамның әл-ауқатының кепілі ретінде құқықтық тәртіп пен заңдарға бейілділік қағидаттарын нығайту болды. Талқылау барысында студенттердің қаржылық қауіпсіздігі мен сауаттылығы, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен жеке өмірінің бұзылуына себеп болатын ойынға тәуелділіктің алдын алу мәселелері көтерілді.
Әр адамның елдегі заңдылық пен тәртіпті сақтаудағы рөліне ерекше назар аударылды. Жастардың заңдарды сақтау тек міндет қана емес, сонымен бірге бүкіл әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі екенін түсінуі маңызды. Әрбір азамат, ең жас кезінен бастап, заңдардың ең аз бұзылуы да қоғамдық тәртіпке және жалпы өмірге әсер етуі мүмкін екенін түсінуі керектігі талқыланды.
