қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.11.2021

Магистратура мен докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды


Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы 1 қарашада магистратураға және докторантураға түсу емтихандарына құжаттар қабылдау басталған болатын. Әлі өтініш бермегендер үшін үлкен мүмкіндік туып тұр. Ендеше асығыңыздар! Магистратура мен докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 18 қарашаға (қоса алғанда)дейін ұзартылды.


Яғни, БҒМ сіздердің өтініштеріңізді ескере отырып, енді кешенді тестілеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімін тағы үш күнге ұзартты.

Тағы да естеріңізге саламыз:
- Магистратураға екінші кешенді тестілеуге және докторантураға түсу емтихандарына қатысу үшін тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы жүргізіледі.
- Магистратураға кешенді тестілеу және докторантураға түсу емтихандары 2021 жылғы 19 қараша басталып, 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
- Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар 2021 жылғы 25 желтоқсанға дейін қабылданады.
- Оқуға қабылдау 2021 жылдың 26 желтоқсаны мен 2022 жылдың 10 қаңтары аралығында жүргізіледі.