![]()
02.06.2025 «Абай үміті» байқауының жеңімпаздары марапатталды 2025 жылдың 30 мамырында Ұлы ақын, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясы мен 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай университет қызметкерлері мен оқытушыларының балаларына арналған «Абай үміті» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Байқау науқаны 13-27 мамырда 3-5 жас аралығында және 1-4 сынып оқушыларына ұйымдастырылған болатын.
Байқаудың мақсаты - өскелең ұрпақты Абайдың бай мұрасымен, аударма шығармаларымен таныстыру, оқуға қызығушылықты арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларына машықтау.
Байқау нәтижесі бойынша:
Мектепке дейінгі балалар (3-5 жас):
Байқау жеңімпаздары мен номинация иелеріне Абай университеті Басқарма төрағасы - ректордың арнайы алғыс хаттары, дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Байқау университеттің корпоративтік бағытын дамыту мақсатында Абай университеті қызметкерлері кәсіподағының қолдаумен жүзеге асырылды.
|