
  
Негізгі бет 
Жаңалықтар
23.05.2025 ҚазҰПУ мен Білім мазмұнын сараптау орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды 2025 жылғы 23 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 
 Меморандумның мақсаты - білім беру саласындағы мамандарды даярлау және оқулықтарға сапалы сараптама жүргізуді дамыту. 
 Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан, Ғылым департаменті директорының орынбасары Гакку Рахимова, Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Назира Абдрахманова, орталықтың ғалым хатшысы Толқын Айтказина, PR-менеджер Шолпан Абуталимова қатысты. 
 Тараптар білім беру мазмұнын жаңғыртуға және оқулық сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ортақ бастамаларды іске асырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау және болашақ мамандардың тәжірибелік дағдыларын дамыту бағытында бірге жұмыс істеуге уағдаласты. 
 
 
 
 
  |