қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.04.2018

«Рухани жаңғыру: филология ғылымы мен әдістемесі» кітап көрмесі

 

2018 жылдың 2 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ғылым онкүндігі - 2018» аясында «Рухани жаңғыру: филология ғылымы мен әдістемесі» кітап көрмесі өтті.

 

Көрме Университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушыларына Филология және көптілді білім беру институты ғалым-ұстаздарының еңбектерін таныстырумен қатар Рухани жаңғыру жағдайында филология ғылымы мен әдістемесін кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді.

 

Көрменің ашылу салтанатында Университет ректорының кеңесшісі Қаныбек Қалдыбаев, Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев, ҒЗЖ, СҒЗЖ және жаңартпа бөлімінің бастығы Гүлзада Байымбетова, Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы және институт кафедраларының меңгерушілері мен оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

 

«Рухани жаңғыру: филология ғылымы мен әдістемесі» атты кітап көрмесіне Филология және көптілді білім беру институты ғалым-ұстаздарының 100-ден аса кітаптары қойылды. Олардың ішінде бірнеше тілде жазылған ғылыми монографиялар, ЖОО мен орта білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдары, оқу әдістемелік кешендері бар.

 

Көрме жұртшылықтың үлкен қызығушылығын оятып, мамандардың оң пікірін алды.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

Филология және көптілді білім беру инcтитуты