қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.04.2018

Республикалық оқу әдістемелік Кеңесі Оқу-әдістемелік бірлестігінің
«Жоғары педагогикалық білім беру: жаңғырту және цифрландыру» тақырыбындағы мәжіліс

 

2018 жылдың 30-наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР БҒМ РОӘК «Білім» мамандықтар тобы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің «Жоғары педагогикалық білім беру: жаңғырту және цифрландыру» тақырыбындағы мәжілісі өтті.

 

Мәжіліске ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім Департаментінің өкілі, РОӘК «Білім» мамандықтар тобы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің мүшесіне кіретін жоғары оқу орнындарынан 2 ректор және 36 өкіл, Назарбаев зияткерлік мектептерінен 2 өкіл қатысты.

 

Мәжіліс барысында педагогикалық мамандықтар бойынша орта білім берудің жаңартылған мазмұны негізінде білім беру бағдарламаларын дайындау, білім берудегі цифрлық технологияларды пайдалануға педагогтарды даярлау, Назарбаев зияткерлік мектептері және 12 жылдық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мектеп бітірушілерді бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар «Білім» мамандықтары тобына арналған «Инклюзивті білім беру» пәнінің типтік оқу бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері қарастырылды.

 

Мәжілісті РОӘК «Білім» мамандықтары тобы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі төрағасының орынбасары, профессор Ғабит Кенжебаев ашып, сөз кезегін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің Инклюзивтік және арнайы білім беру басқармасының басшысы Әйкерім Кудериноваға берді.

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселелер бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Ғабит Кенжебаев, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Оралтай Жолымбаев, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Педагогика кафедрасының меңгерушісі Бибігүл Өтегенова, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Роза Айтбай, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Ардақ Бостанова сөз сөйледі.

 

Екінші және үшінші мәселелер бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Есен Бидайбеков, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Менеджмент сапасының жүйесін аккредитациялау орталығының жетекшісі Гүлнар Әбдірахман, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары Арайлым Мағзұмовалардың баяндамалары тыңдалды. Сонымен бірге Мирас университетінің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Людмила Игнашова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Арнайы білім беру кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты Зейнеп Бекбаевалар хабарлама жасады.

 

Республикалық оқу әдістемелік Кеңесі Оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісінде талқыланған мәселелердің қорытындысы бойынша ұсыныс жобасы қабылданды.