қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.05.2025

Психологиялық қолдау қызметінің психологтары мектеп оқушыларына психологиялық тренинг өтті


2025 жылдың 8 мамырында «№196 Жалпы білім беретін мектеп» КММ шақыруымен Психологиялық қолдау қызметінің психологтары Саида Қосбай және Әсел Жүсіпбекова Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай 9-11 сынып оқушыларына арналған «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» тақырыбында психологиялық тренингтер өткізді.

 

Тренингтердің мақсаты - оқушыларға интелект, рухани жігер және эмоциялық сезімталдықтың арасындағы тепе-теңдіктің маңыздылығын түсіндіру, мақсаттарын айқындауға көмектесу, ішкі кедергілерді еңсеру жолдарын дамыту, сондай-ақ оқушылар арасындағы сенім мен түсіністікті нығайту.

 

Оқушылардың бір-бірімен танысу, сенімді атмосфера құру, креативтілік пен эмпатияны дамыту мақсатында «Әлем халықтарының сәлемдесуі» жаттығуы өткізілді. Негізгі бөлімде оқушылардың ішкі және сыртқы ресурстарын тануына, ассоциативті ойлауын дамытуға және саналы түрде білім алуға бейімдеуге бағытталған «Менің ресурстарым», «Ойлан тап» және «Білім баспалдағы» жаттығулары өткізілді.

 

Тренингтің соңғы кезеңінде денедегі кернеуді босату, күйзеліске төзімділікті және эмоциялық өз-өзіңді реттеу қабілетін дамыту мақсатында «Мұздық» релаксациялық жаттығуы орындалды.

 

Тренинг соңында оқушылар өздерінің оң әсерлерімен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Тренингке 9-11 сыныптың 50-ден астам оқушылары қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі