![]()
08.05.2025 Абай университеті QS World University Rankings by Subject 2025 бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды QS World University Rankings by Subject 2025 беделді халықаралық рейтингісінің қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Білім және оқыту» (Education & Training) пәндік саласы бойынша әлемдік ТОП-100 қатарына еніп, Орталық Азияда 1-орынға ие болды. Бұл нәтиже университеттің білім беру саласындағы көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Сонымен қатар, «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (Arts & Humanities) кең пәндік саласы бойынша университет әлемдік рейтингте 373-позициясын алып, Қазақстан бойынша 3-орынға тұрақтады.
«Қазіргі тілдер» (Modern Languages) пәндік саласы бойынша университет 101-150 орындар аралығындағы позициясын бұл жылы да сақтады (Қазақстан бойынша №3). «Тіл білімі» (Linguistics) пәндік саласы бойынша әлемдік рейтингте 251-300 орындар аралығында тізімге енді (Қазақстанда №3).
Университет «Дәйексөз cаны», «Академиялық бедел», «Жұмыс берушілер арасындағы бедел», «Халықаралық ғылыми-зерттеу желісі» және «Хирш индексі» секілді библиометриялық және сапалық көрсеткіштерді тұрақты түрде жақсартып келеді.
*QS пәндік рейтингінің соңғы нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.topuniversities.com/
Стратегия Департаменті
|