қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.05.2025

Абай университеті Жеңістің 80 жылдығына орай жалпықалалық сенбілікті қолдады


2025 жылдың 8 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында және Жеңістің 80 жылдығына орай жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

 

Сенбілікті университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова ашты. Акцияны қолдауға «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері арнайы қатысты.

 

Сондай-ақ сенбілікке Басқарма мүшелері-проректорлар, құрылымдық департамент басшылары, факультеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушылары белсене атсалысты.


Акцияның мақсаты - университет қабырғасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және арттыру, қаланың көркеюіне атсалысу және қоршаған орта тазалығына жауапкершілікпен қарап, акцияны кеңінен қолдауға шақыру.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=