![]()
08.05.2025 Абай университетінің докторанттары халықаралық конгреске қатысты 2025 жылдың 6 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы «8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанттары - Дариға Азимбаева, Разия Каримова, Гүлмира Момбиева, Саулет Тукебаева, Феруза Абдримова, Жанна Асанханова және Юлдуз Иминова - ғылыми тағылымдама аясында Түркия Республикасының Анкара қаласында орналасқан Хадж Байрам Вели университетінде өткен «Әлеуметтік ғылымдар бойынша 7-ші халықаралық ғылыми-зерттеу конгресі» (7th International Congress of Social Sciences Research) атты халықаралық ғылыми конгреске қатысты.
Докторанттар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып, шетелдік ғалымдармен пікір алмасу және кәсіби тәжірибе жетілдіру мүмкіндігіне ие болды. Конгреске қатысу ғылыми тағылымдаманың мазмұнын байытып, докторанттардың зерттеу әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосты.
|