қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.05.2025

Республикалық пәндік олимпиада: Абай университетінің студенті жүлделі ІІ орынды иеленді


2025 жылғы 29-30 сәуір аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «6В01703 - Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын тілі)» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға еліміздің 18 жоғары оқу орнынан 55 студент қатысты.


2025 жылғы 14-17 сәуір аралығында өткен ішкі университеттік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша (I орын - Жасур Мирзахметов, II орын - Жанель Болатхан, Дамира Сүлейменова, III орын - Аружан Әмбияқызы, Камила Қошқарбаева, Аяжан Балтабай, Мәдина Әділханова) республикалық олимпиаданың II кезеңіне Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология факультеті шетел тілдері кафедрасынан 7 студенті қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Республикалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша 4 курс студенті Дамира Сүлейменова жүлделі II орынды иеленді.


Студенттерді дайындаған: педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Дана Шаяхметова.


Олимпиада ұйымдастырушылары: шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Серік Иватов және аға оқытушы Асем Муслимова.

 

  alt=  

 

  alt=