қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
21.10.2021

Докторанттардың республикалық шеберлік апталығы өткізіледі


2021 жылдың 25-29 қазаны аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты «Жаратылыстану ғылымдары және пәндері: озық тәжірибелер мен технологияларға негізделген зерттеулер» тақырыбында докторанттардың республикалық шеберлік апталығын өткізеді. Апталық аясында еліміздің ЖОО-да білім алатын докторанттарының қатысуымен келесі шаралар өтеді:

1. «Ғылыми зерттеулерге жаңа көзқарас» тақырыбында вебинарлар (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 15.00-17.00 аралығында);
2. «Үздік мақала» конкурсы;
 3.«Өркениеттер тоғысындағы жаратылыстану: ғылыми идеялардың эволюциясы» тақырыбында үздік пост конкурсы.

 

Конкурсқа еліміздің ЖОО-да білім алатын докторанттар қатыса алады.

 

Конкурстың жеңімпаздары және үздік спикерлер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 

Ақпараттық хат

 

Номинация атауы

Жүлделі орын

Сұралатын қаржы көлемі, теңге

«Ғылыми зерттеулерге жаңа көзқарас» атты вебинарлардың үздік спикері

1-ші орын

100 000

2-ші орын

50 000

3-ші орын

30 000

«Үздік мақала» конкурсы

1-ші орын

100 000

2-ші орын

50 000

3-ші орын

30 000

«Өркениеттер тоғысындағы жаратылыстану: ғылыми идеялардың эволюциясы»

тақырыбында үздік пост конкурсы

1-ші орын

100 000

2-ші орын

50 000

3-ші орын

30 000

Барлығы

540 000