қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.04.2025

Абай университетінде түлектерге арналған «Бос орындар жәрмеңкесі – 2025» өтті

 

2025 жылғы 25 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Бос орындар жәрмеңкесі - 2025» өтті. Онда Алматы қаласының 80-нен астам білім беру мекемелері мен кәсіби қызмет көрсету ұйымдарының өкілдері жас мамандар мен студенттерге жұмысқа орналасудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынды. Іс-шараны университеттің «Мансап» орталығы ұйымдастырды.

 

Жәрмеңкенің басты мақсаты - білім алушыларды жұмысқа орналастыру және жас мамандарды кәсіби ортаға дайындау, бітіруші түлектер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланысты орнату, еңбек нарығына қажетті мамандықтарды айқындау және білім беру мазмұнын нарық талаптарына сай бейімдеу.

 

Жұмыс берушілер жәрмеңкесін университеттің академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков ашып, іс-шараға қатысушы түлектер мен студенттерді құттықтап, жұмыс берушілерге ризашылығын білдірді. Хайрулла Жанбеков Абай университетінде түлектердің тұлғалық және мансаптық өсуіне жағдай жасалып жатқанын, жұмыс берушілер жәрмеңкесі сияқты іс-шаралар осы жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Абай университетінің барлық қызметі студенттердің жоғары сапалы білім алуы мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, бұл олардың кейінгі өмірінде өзін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Департамент директоры сонымен қатар түлектерді жұмыспен қамтуға бағытталған жобалар туралы да айтты.

 

Жәрмеңкеге еліміздің түрлі салаларынан 80-нен астам мекеме мен ұйым қатысып, түлектерге 881 бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар, алдын ала жүргізілген байланыс нәтижесінде университет түлектеріне арналған 4112 бос жұмыс орны туралы ақпарат жиналды. Бұл - жоғары оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы тығыз әріптестіктің нәтижесі.

 

Жәрмеңке аясында бітіруші студенттер жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Аталған іс-шара жастардың еңбек нарығына сәтті бейімделуіне және өз кәсіби жолдарын нақтылауына айтарлықтай қолдау көрсетті.

 

Жәрмеңке қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Абай университеті алдағы уақытта да ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан қатысушылар үшін осындай іс-шаралар ұйымдастыратын болады. Сонымен қатар, университет студенттерге жұмыс іздеуге және олардың дағдылары мен құзыреттерін дамытуға көмектесу үшін бос орындар жәрмеңкелерін, мансаптық семинарлар мен тренингтер ұйымдастырып, түлектерге еңбек ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен және аймақтық билік органдарымен тығыз жұмыс жасауда.

 

Білім беру мекемелері мен компания өкілдері іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Абай университетіне алғыстарын білдіріп, студенттерді даярлаудың жоғары деңгейін атап өтті. Сондай-ақ олар жұмыс берушілер жәрмеңкесі жекелеген компаниялардың, жалпы еліміздің дамуына үлес қосатын талантты және болашағы зор жас мамандарды табуға мүмкіндік беретінін баса айтты.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=