![]()
22.04.2025 «Alma cup 2025» аясындағы волейболдан турнир
2025 жылғы 22 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен «Жеті Өнер» ЖК өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттар аясында Тараптар келесі салалардағы ынтымақтастықты дамыту және ынталандыру үшін қажетті шаралар қабылдауды көздейді: · Шығармашылық әлеуетті дамыту: Тараптар арасында өзара тәжірибе алмасу арқылы шығармашылық жобаларды жүзеге асыру және олардың сапасын арттыру. · Ресурстарды біріктіру: Материалдық, зияткерлік және технологиялық ресурстарды біріктіріп, шығармашылық салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру. · Инновациялар мен идеяларды қолдау: Жаңа идеяларды, инновацияларды және шығармашылық бастамаларды қолдау мен дамыту үшін ортақ алаң құру. · Жаһандық деңгейде танылу: Жергілікті және халықаралық деңгейде шығармашылық жобаларды таныту, бірлескен жұмыстар арқылы әлемдік аренаға шығуға қолдау көрсету. · Тұрақты ынтымақтастық: Шығармашылық саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жобалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Білім және тәжірибе алмасу: Шығармашылық индустриядағы кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында мамандар арасында білім және тәжірибе алмасу.
|