қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.10.2021

«Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайындағы заманауи педагог» тақырыбында вебинар өтеді

 

2021 жылдың 14 қазан күні сағат 15-00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) «Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайындағы заманауи педагог» тақырыбында вебинар өтеді.

 

Вебинардың спикері - Нуржамал Ошанова, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі.

 

Вебинарда Сіз «Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогтің заманауи құзыреттерін қалыптастыру» біліктілікті арттыру онлайн-курсы туралы білесіз.

 

Аталған курсты BilimLand және Абай атындағы ҚазҰПУ бірлесіп құрды және ҚР БҒМ Сараптамалық кеңесімен келісілді. Курстың сертификаты педагог аттестаттаудан өткен кезде ескеріледі.

 

Вебинарға қатысу тегін!


Қазақ тіліндегі вебинарға қосылу үшін біздің Youtube каналына сілтеме бойынша өтіңіз: https://www.youtube.com/watch?v=BvmmV_g57Ok

 



546

Кері оралу