![]()
15.04.2025 Абай университетінде «Абай аруы мен Сұлтаны» байқауы өтті 2025 жылғы 11 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және рухани-мәдени дамуына үлес қосу мақсатында дәстүрлі «Абай аруы мен Сұлтаны» байқауы өткізілді.
Аталған байқау үш кезең бойынша ұйымдастырылды: «Таныстыру» кезеңінде қатысушылар өздерін және факультеттерін таныстырып, сахна мәдениеті, көркем сөйлеу шеберлігі мен ұлттық болмысты көрсете білді; «Өнерлі ұрпақ» бөлімінде түрлі өнер түрлерін - ән, күй, би, мәнерлеп оқу арқылы өз таланттарын паш етті; «Ұлттық таным» кезеңінде қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық киімдері, тарихы мен әдебиетіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейлерін дәлелдеді. Байқауға университеттің барлық факультеттерінен іріктелген студенттер қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылардың өнері мен білімін тәжірибелі әділқазылар алқасы бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша: 1 орын - «Абай аруы мен Сұлтаны - 2025» атағын Математика, физика және информатика факультетінің студенттері Ғалымжан Жұмағалиев мен Ақмаржан Манжан жеңіп алды; 2 орын - Филология факультетінен Әмір Өмірзақ және Лейла Қабдіжанова; 3 орын - Педагогика және психология факультетінің студенттері Бақдаулет Усеркулов пен Аружан Құмарбек .
Сондай-ақ, байқау аясында бірқатар номинациялар бойынша жүлдегерлер анықталды: «Абай үміті» - Бекнұр Айхан , Нұрай Сабитқызы (Дене шынықтыру және әскери дайындық факультеті) «Көрермен көзайымы» - Мирас Құрманғали , Нұрай Даниярқызы (Тарих және құқық факультеті) «Саналы ұрпақ» - Өркен Ағылман , Сая Сүгірбаева (Жаратылыстану және география факультеті) «Креативті жұп» - Алтайр Балтабай , Алтынай Байзақ (Сарбонна-Қазақстан институты) «Айрықша өнер» - Айдос Сейітқали , Әсем Схадияр (Өнер факультеті)
Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің ұлттық өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен серпін берді.
|