қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.04.2025

Абай университеті мен Bugin Holding Corp ЖШС ынтымақтастық орнатты


2025 жылдың 15 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Bugin Holding Corp ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

 

Іс-шараға Абай университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Bugin Holding Corp ЖШС Бас директоры Айбек Қуатбаев және Bugin Holding Corp өкілдері қатысты.

 

Меморандумның мақсаты - кәсіби педагогикалық білім беру мазмұнын жаңарту, студенттерді белсенді педагогикалық қызметке дайындау, академиялық, ғылыми және педагогикалық қоғамдастықтың қызметін біріктіру, оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу, сондай-ақ педагогтерге қойылатын заманауи талаптарға сай мамандарды даярлау бағытында бірлескен жұмыс жүргізу.

 

Ынтымақтастық тараптар үшін кәсіби білім беру саласында өзара тәжірибе алмасуға және жаңа мүмкіндіктерді игеруге жол ашады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=