қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.04.2025

«Білім беру саласы үшін білікті кадрларды даярлау: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобасы (ЖТН АР19677510) аясында «Білім беру саласы үшін білікті кадрларды даярлау: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының Бірінші Вице - президенті Аубакиров Е.Б., «Q» University ғылым және инновация жөніндегі проректоры Рузанов Р.М., Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі Йулдошев У.Ж., Назарбаев университетінің академиялық мәселелер жөнінідегі вице - провосты Лоретта О`Доннэлл құттықтау сөз сөйледі.


Пленарлық отырыста Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, ҚР ҒЖБМ жоғары білімді дамыту Ұлттық орталығының директор орынбасары Шыңғыс Нұрланов, Назарбаев университетінің вице - президенті Дархан Билялов, М.Танка атындағы Белорус мемлекеттік педагогикалық университетінің кафедра меңгеруші (Беларусь) Сазонова А.В., Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің қауымдасқан профессор м.а. Мейрбекова Г.П., Новосибир мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті (Ресей) Некрасова И. И., Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика кафедрасының меңгерушісі Шолпан Колумбаева баяндамаларын ұсынып, жаңашыл идея, зерттеудің ғылыми нәтижелерімен бөлісті.


Конференция аясында Abai Honors College студенттерінің ғылыми сессиясы ұйымдастырылды. Сессия барысында Abai Honors College қосымша білім беру бағдарламасының студенттері өздерінің ғылыми ізденіс нәтижелерімен бөлісті. Ғылыми сессияда білім беру саласының өзекті мәселері бойынша зерттеулер талқыланды.


Кездесу Abai Honors College түлектеріне сертификаттар табыстаумен аяқталды.


Abai Honors College - Қазақстан жоғары оқу орны арасында тұңғыш рет ұсынылған жоба, талантты студенттерге арналған бірегей, түрлі мүмкіндіктер ұсынатын қосымша білім беру бағдарламасы.


Abai Honors College жобасында студенттерге кәсіби және тұлғалық өсуіне бағытталған семинар-тренингтер, академиялық курстар жүргізілді.


Биыл Abai Honors College бағдарламасын түлектердің екінші ағыны аяқтады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=