қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.03.2025

Абай университетінің студенттері «Педагогтердің білімін бағалау» аттестациясынан жоғары нәтиже көрсетті


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім алушылары тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді. «6В01302 - Бастауыш білім бизнес инновациямен» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Арайлым Ниязқызы және «7М01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Майра Дүйсенбаева «Педагогтердің білімін бағалау» аттестациясынан сәтті өтіп, ең жоғары нәтиже - 50/50 балл жинады!

 

Бұл жетістік болашақ педагогтердің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін және олардың өз саласына деген жауапкершілігін айқындайды. Білім мен біліктіліктің биік белесін бағындырған түлектерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

 

Университет ұжымы оларға алдағы кәсіби жолдарында зор жетістіктер мен толағай табыстар тілейді! Абай атындағы ҚазҰПУ - сапалы білім мен кәсіби шеберліктің кепілі!

 

  alt=  

 

  alt=