қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.03.2025

Абай университетінің өкілдері Түркияда өткен халықаралық көрмеге қатысты


2025 жылғы 5-7 наурыз аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен «Мата, жібек, киім әшекейлері» халықаралық көрмесіне Абай университетінің өкілдері қатысты.


Атап айтқанда, Абай атындағы ҚазҰПУ музейінің директоры, көрнекті суретші Еркін Қайшыбек, Қазақстандық этнодизайнерлер одағының мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, өнер магистрі Ляззат Аденова, Өнер факультетінің аға оқытушысы, кауымдастырылған профессоры(м.а), философия ғылымдарының кандидаты Ерлан Асембайұлы қатысып, ұлттық нақыштағы киімдер мен қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.


Әлемнің 50-ге жуық елінен келген шеберлер мен дизайнерлер жиналған ауқымды шара аясында Қазақстандық этнодизайнерлер одағының президенті Салтанат Аминқызы ұйымның атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктерін таныстырды.


Ал, ұлттық өнерімізді халықаралық деңгейде насихаттаған қазақстандық этнодизайнерлер қазақ халқының қолөнері, бейнелеу өнері және ұлттық киім мәдениеті туралы кеңінен әңгімелеп, төл өнеріміздің терең тарихы мен маңыздылығына тоқталып, қазақ халқының мәдени мұрасын халықаралық аренада дәріптеді.


Кездесу соңында Салтанат Аминқызы ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевқа қазақ халқының ұлттық өнерін насихаттау мақсатында арнайы кәдесыйлар тарту етті. Сонымен қатар, көрмеге қатысқан Абай университетінің өкілдері әрі этнодизайнерлер мен қолөнер шеберлері арнайы сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталды.


Бұл шара қазақ ұлттық өнерін әлемдік деңгейде танытуға үлкен мүмкіндік берді. Көрме барысында жаңа серіктестермен іскерлік байланыстар орнатылып, қазақ халқының мәдени мұрасын халықаралық аренада дәріптеуге тағы бір маңызды қадам жасалды. Алдағы уақытта да төл мәдениетімізді әлемдік деңгейде насихаттау жалғасын табады.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=