қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.12.2013

2013 ж 27- қарашасында филология және көптілді білім беру институтының "Халықаралық құқық" кафедрасы ( каф. меңг. Сабитова А.А.) және оқу-әдістемелік бөлімі университеттің ПОҚ үшін оқытудың интерактивті әдістері бойынша семинар-тренинг өткізді. Берлин (Германия) Еркін Университетінің PhD докторы Барбара Януш Павлетта семинар қатысушыларының алдында сөз сөйледі, соңынан семинар-тренинг қатысушыларымен пікір алмасты.
Келесі семинар-тренинг 2013 ж. 13 желтоқсанында «Білімді ақпараттандырудың элементі сияқты жас ұрпақтың ойлау стилін құрастыру» тақырыбында шетел мамандарының қатысуымен және «Информатика, математика және ақпараттық білім беру кафедрасымен ( каф.меңг. Бидайбеков Е.Ы.) бірге өткізілген еді. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, РФ РҒА академигі Первин Юрий Абрамович осы шарада ЖОО жүйесіндегі бұл пәндермен тәжірибе алмасу және ақпараттық білім беру негізінде өзіндік сырларымен бөлісті. Университеттің ПОҚ студенттерді оқытудың нинновациялық технологиялары мен интерактивті әдісін тәжірибеде қолдану және үйрету мақсатындағы аналогиялық іс-шараларға белгілі ғалымдарды тарту, алыс және жақын шетел әдіскерлерімен оқу әдістемелік жұмыстар бойынша тәжірибе алмасулар алдағы уақыттарда да жалғасатын болады.