қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.02.2025

Абай университетінің студенттері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейтжанмен кездесті 

 

2025 жылдың 14 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен қазақстандық қоғам қайраткері, паралимпиадалық спортшы, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты Кенжеғұл Сейтжанмен кездесу өтті.

 

Іс-шараға әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Рақымберді Жетібай, стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің деканы Ернар Оспанкулов пен факультет оқытушылары және белсенді университет студенттері қатысты.

 

Кездесу соңында қатысушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, мазмұнды жауаптар алды.

 

   alt=  

 

  alt=