![]()
20.01.2025 «Стресссіз емтихан» психологиялық тренингі
2025 жылдың 20 қаңтарында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Foundation» факультетінің Қытай мен Моңғолиядан келген білім алушыларымен «Стрессіз емтихан» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Психологиялық тренингтің мақсаты - білім алушылардың емтихан алдындағы эмоционалды қысым деңгейін төмендету, стрессті тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі реттеу мен релаксация және эмоционалдық жағдайды басқару әдістерімен таныстыру.
Қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, шиеленісті жеңілдету және қолайлы жағдай жасау мақсатында тренинг «Есім - қозғалыс» танысу жаттығуынан басталды. Негізгі бөлімде ойлауды дамытуға және ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған «Шынымды айтсам...» және «Ми орталығы» жаттығулары өткізілді. Мидың жұмысын белсендіру мақсатында бірнеше нейрогимнастикалық жаттығулары жүргізілді. Рефлексия аясында арт-терапия форматында «Біздің топтың жүрегі» жаттығуы өткізілді, жаттығу барысында студенттер өз тобының ұйымшылдық деңгейін көрсетіп, тренингтен алған жағымды әсерлерімен бөлісті.
Тренингке «Foundation» факультеттің 50-ден астам шетелдік білім алушылар қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі |