қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.01.2025

И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің делегациясы Абай университетінде


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультетінде И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің делегациясымен кездесу өтті. Делегация құрамында доцент Айнура Муратқызы және Қырғыз Республикасының халық суретшісі, профессор Юристанбек Шығаев  болды.


Кездесу барысында Өнер факультетінің деканы Кәрім Байғұтов және тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Айдын Қожагұлов делегация өкілдерімен академиялық ұтқырлық, профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасуы, сондай-ақ екі университет арасындағы академиялық және мәдени-шығармашылық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктерін талқылады.


Айта кетейік, Абай атындағы ҚазҰПУ мен И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық 2019 жылдан бері табысты жалғасып келеді. Мұндай кездесулер екі ел университеттері арасындағы білім беру және мәдени байланыстарды нығайтуға, достықты дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

 

  alt=  

 

  alt=