![]()
16.01.2025 «Мұғалімнің кәсіби - тұлғалық әлеуетін дамыту жолдары» жас педагог мамандарға арналған оқу-әдістемелік семинар 2025 жылдың 09 қаңтарында Алматы қаласының білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығы Алматы қаласы білім басқармасы басшысының хаттамалық тапсырмасы негізінде Жас педагог қызметкерлерге «Мұғалімнің кәсіби - тұлғалық әлеуетін дамыту жолдары» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізді.
Семинар спикерлері ретінде біздің университеттің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент м.а. Гүлмира Ниетбаева, сондай - ақ магистрант Сая Нұржанқызы қатысып, «Өз эмоцияларын бақылау: - өзін-өзі реттеу, - стрессті жеңу» тақырыбында сөз қозғады.
Оқу-әдістемелік семинар барысында педагогикалық саладағы өзекті тақырыптар мен ақпарат талқыланды. Әр түрлі білім беру салаларының спикерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, жас мамандардың сұрақтарына жауап беріп, пайдалы ұсыныстар берді.
Айта кету керек, семинар теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды, бұл жас педагогтарға алынған ақпаратты практикада бекітуге және әдістемелермен танысуға мүмкіндік берді.
|