қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.02.2018

Ашық есік күні

 

2018 жылдың 15 ақпанында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО- на дейінгі дайындық (Foundation) факультеті Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдық мерейтойы аясында және шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО-на дейінгі дайындық кафедрасының 25 жылдығына орай Ашық есік күнін өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты орта мектептер мен колледждердің студенттері арасында кәсіптік бағдар беру болып табылады. Іс-шара өткізілді.

 

Ашық есік күнінің бағдарламасы Халықаралық қазақ-қытай колледжінің басшылығы мен студенттері кафедра ұжымы профессор-оқытушылар құрамыммен және студенттермен таныстырылып, Абай атындағы ҚазҰПУ-де оқытылатын мамандықтар туралы әңгіме болды.

 

Оқытушы мамандығын кеңінен тарату және тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары профессор Сәуле Бегалиева, қауымдастырылған профессор Тоғжан Айтказина, профессор Бахытгүл Балғазина, Ләйлә Мамытбеков «Абай атындағы ҚазҰПУ-нің визит карточкасы» тақырыбында орыс тілінде ашық сабақ өткізді. Колледждің студенттері орыс тілінің грамматикасы туралы жақсы білімдерін көрсетіп, «Абай атындағы ҚазҰПУ-не қош келдіңіздер!», Абай атындағы «ҚазҰПУ-нің виртуалды экскурсиялары» жобаларын жасауда тапқырлық пен шығармашылық белсенділіктерін танытты.

 

Іс-шара соңында қонақтардың атынан колледждің оқу ісі меңгерушісі Гүлжахан Әжібаева осындай кездесулердің маңыздылығы мен қажеттілігі туралы айтты. Колледж студенттері қызықты сабаққа алғыстарын білдіріп, ары қарай Абай атындағы ҚазҰПУ-не тусуге қызығушылықтарын танытты.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)