қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.01.2025

Канвон ұлттық университеті (Корея) өкілдерімен кездесу


2025 жылдың 10 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында Канвон ұлттық университетінің (Корея) делегациясымен маңызды кездесу өткізілді. Іс-шараны халықаралық ынтымақтастық департаменті ұйымдастырды. Кездесу серіктестік қатынастарды дамытуға, білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталды.

 

Делегация құрамында: Канвон ұлттық университеті халықаралық бөлімінің директоры Ли Минхи, бас менеджері Чу Гевон, аға менеджері Чон Бомджин, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова және Филология факультетінің деканы Алуа Таңжарықова қатысты.

 

Кездесудің негізгі мақсаты - Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Канвон ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды. Талқылау барысында студенттер мен оқытушылардың алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндіктері, сондай-ақ бірлескен оқыту мен академиялық ұтқырлық жобалары қарастырылды. Зертханалар мен виртуалды зертханаларды құруға және дамытуға, сондай-ақ білім беру процесіне геймификация мен жасанды интеллект элементтерін енгізуге ерекше назар аударылды.

 

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті, бұл студенттер мен оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыруға, сондай-ақ екі елдің білім беру мекемелерінің халықаралық беделін нығайтуға ықпал ететін болады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=