![]()
12.12.2024 «Тәуелсіздік – тұғырым» мерекелік іс-шарасы 2024 жылдың 10 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ арнайы педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Зейнеп Бекбаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - тұғырым» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға арнайы педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары қатысты.
Іс-шара барысында магистранттар Тәуелсіздік тақырыбында ән айтып, күйлер тартып, өлеңдер оқыды. «7М01906 - Арнайы педагогика: Инклюзивті білім беру» мамандығының 1 курс магистранты Гулнара Баймошқанованың «Мен қазақпын!» авторлық өлеңі қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі Ақбота Аутаева іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс білдірді.
|