«Менің атым Қожа» мерекелік іс-шарасы
2024 жылдың 9 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Г.Т. Абилбакиева 3 курс студенттерінің қатысуымен көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Менің атым Қожа» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Шараның мақсаты: Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын насихаттау, артында қалған әдеби мұраларын жаңғырту.
Айтулы шараға факультет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Қазақ әдебиетінде өзіндік ерекшелігімен рухани өшпес мұра қалдырған талантты қаламгердің 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шара жазушының өмір жолы мен шығармаларын насихаттаудан бастау алды. 3 курс студенттері атақты жазушының «Менің атым Қожа» туындысы бойынша композиция қойып, көрермендер назарына ұсынылды.
Іс-шара барысында кафедра меңгерушісі Ұ.Қ.Қыяқбаева студенттердің шығармашылық жетістіктері мен еңбектерін жоғары бағалады.

