![]()
11.12.2024 «Батыс Қазақстан әскери тарихының жаңа беттері» Республикалық ғылыми семинары
2024 жылдың 6 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінде «Батыс Қазақстан әскери тарихының жаңа беттері» тақырыбында Республикалық ғылыми семинар өтті. Семинар жұмысына Республикаға белгілі тарихшы-ғалымдар: ҚР ҰҒА академигі Ғ.Қ. Кенжебаев, т.ғ.д., Атырау университетінің профессорлары А.С. Сәрсенов, Л.Бердіғожин, доцент С.Қуаныш қатысып, қызықты баяндамалар жасады. Семинарға университеттің профессор-оқытушылары да атсалысып, белсенділік танытты. Профессорлар Ғ.Х. Халидуллин, Х.А. Сутеева, Б.С. Жұмағұлов, доценттер Е.Н. Ермұқанов, Е.Т. Қалиева, Ж.Нұрманбетқызы және тағы да басқалар пікірталасқа қатысып, өз ойларын ортаға салды. Ғалымдар ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы Батыс Қазақстанның әскери тарихының бүгінге дейінгі зерттелуі, мәселелері мен кейбір аспектілерін жан-жақты талқылады. Сондай-ақ алдағы уақытта тақырыпқа қатысты назар аударар тұстары мен түйткілдеріне де тоқталды. Қазақстан бойынша алғаш рет қолға алынып отырған ғылыми жобаның маңыздылығына семинарға қатысушылар да үлкен қызығушылық танытты.
|