қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.05.2021

«Ардагерлерімізді ардақтайық» қайырымдылық акциясы


2021 жылдың 6 мамыры күні Ұлы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың бастамасымен «Ардагерлерімізді ардақтайық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.

 

Іс-шараның ұйымдастырушылары - университет қызметкерлерінің кәсіподағы, Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаменті, Ардагерлер кеңесі, Жастар ісі жөніндегі комитет.

Шара барысында университетімізде ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған, Ұлы Отан Соғысының, еңбек майданы және тыл ардагерлеріне, ауған соғысының ардагерлері және қауіптілігі жоғары аймақта қызмет атқарған сарбаздарға арнайы азық-түлік себеттері және ақшалай сыйақы табысталады.

 

Өтетін күні: 6 мамыр 2021 жыл


Басталуы: сағат 10.00-де

 

Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас оқу ғимаратының алаңы (Достық, 13)

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі департамент