
  
Негізгі бет 
Жаңалықтар
28.11.2024 Ғылыми тағылымдамадан өту 2024 жылдың 18 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығында ғылыми тағылымдамадан өту үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-не Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «7М01541-Химия педагогтерін даярлау» мамандығы бойынша 2 курс магистранты Мустақым Бекболат келді. 
 Тағылымдаманың мақсаты - химия мен химияны оқыту әдістемесі бойынша тәжірибе алмасу және білімді тереңдету. Тағылымдама барысында магистрант ғылыми-зерттеу жұмыстарына, семинарлар мен дәрістерге қатысты. Ол сондай-ақ университет оқытушыларымен және студенттерімен тікелей жұмыс жасайды. 
 Ғылыми тағылымдамадан өту барысында зерттеу саласы бойынша өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда. Мұндай ынтымақтастық кәсіби дағдыларды дамытуға және университеттер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. 
 
  |