қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.12.2013

«Біздің саяси идеалымыз - Елбасы»

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Біздің саяси идеалымыз - Елбасы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияны ашқан университеттің бірінші проректоры, профессор Мүбарак Ермағанбетов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз қазақ мемлекетін қалыптастыру, дамыту, әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына шығару жолындағы қажырлы еңбегі, сара саясаткер, дана басшы ретіндегі ерекшеліктері туралы ой толғады.
Саяси ғылымдарының докторы, профессор Ж.Симтиковтың, философия ғылымдарының докторы, профессор Д.Құсайыновтың, тарих ғылымдарының кандидаты С.Шілдебайдың баяндамаларында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздегі және халықаралық аренадағы қызметіне саяси сипаттамалар берілді.
Университеттің 2-курс магистранты, Назарбаев стипендиясының иегері Венера Қалиева Елбасының білім беру саласындағы саясатын - ең көреген саясат деп бағалады.
Медеу ауданы Әкімінің аппарат жетекшісі Айдын Нұрматов Тұңғыш Президенттің әлемдік саясаткер ретіндегі рөліне тоқталды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз орталығы