қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.11.2013

 

                                                                     

2013 жылдың 26 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ делегаттары құрамыннда құжатты қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы ГМ Маликова, шетелдіктер үшін орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор С.Б. Бегалиева және шетелдіктер үшін орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Чан Динь Лам Хошимин(Вьетнам) қаласында іс-сапарда болып қайтты. Іс-сапар мақсаты Хошимин педагогикалық университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында халықаралық әріптестік туралы келісім шарт бойынша ары қарай жұмыс істеуді жалғастыру болатын.

 

 

 

 

Хошимин педагогикалық университеті қызметкерлерімен кездесу

 

Кездесу барысында келісім шарттарды орындау сұрақтары талқылаудан өтті. Сұрақтар барысында:профессор-оқытушылық құраммен алмасу, шетелдік азаматтарды, соның ішінде бакалавриат студенттері мен магистранттарды орыс және ағылшын тілдерінде оқыту, шет тілі сияқты орыс тілінен және Абай атындағы ҚазҰПУ халықаралық сертификация Орталығында ағылшын тілдері (TOEFL) бойынша емтихандар тапсыруға дайындау мәселелері талқыланды. Шет ел азаматтарын Абай атындағы Қаз ҰПУ тарту үшін орыс және ағылшын тілі оқытушыларын Хошимин педагогикалық университетіне іс сапарларға жіберу жоспарлары да жүзеге асырылуда.

 

 

 

 

 

 

 

Халықаралық байланыстар бойынша проректор Нгуен Тхи Минь Хонгқа сувенир табыстау.

Халықаралық байланыстар бойынша проректор Нгуен Тхи Минь Хонг өз сөзінде Қазақстан- Вьетнамдық мәдени-білім беретін орталығы студенттер мен Хошимин педагогикалық университетінің оқытушыларын тартуды ұйымдастыратынын және бірлескен онлайн конференцияларды өткізетінін атап өтті.

 

 

Профессор С.Б. Бегалиева және проректор Нгуен Тхи Минь Хонм ХПУ        студенттерімен бірге.

 

профессор С.Б. Бегалиева «Мен өмір сүріп жатқан ел!» тақырыбында орыс тілінде оқып жүрген 3 курс студенттері үшін мастер - клас өткізді. Мастер-клас кезінде студенттер мен оқытушылар белсенділік танытты: сұрақтарға жауап берілді, салыстырмалы сипатта мәтін-пікірлер құрастырылды. Біздің университетіміз, Қазастан және Алматы туралы слайдтар, ойындар, үлестірмелі қағаздар қолданған еді. Студенттер мен оқытушылар ұсынылған материалдарды аса зор ықыласпен қабылды.

 

 

Профессор С.Б. Бегалиевамен жүргізілген мастер-кластан кейін,

 

ХПУ филоология факульттеті деканының орынбасары Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары Хошимин педагогикалық университеті ПОҚ өз тәжірибелерімен көбірек бөліссе деген тілек ықыласын жеткізді.

   Қазақстан-Вьетнамдық мәдени-білім беретін орталыққа оқулықтар, шетелдіктер үшін орыс филологиялар кафедрасы оқытушыларымен жазылған РКИ бойынша оқу құралдар, Абай атындағы ҚазҰПУ мен бірге түсірілген Абай портреті сыйға тартылды.

 Сонымен қатар, профессор Чан Динь Лам Халықаралық ғылыми жинақ шығарылымына қатысты сұрақтарды шешуге, ХҰПУ Абай атындағы Мәдени-Ғылыми Орталықтың қызметі және тәжірибе алмасу үшін ЖОО оқытушыларын шақыру туралы ҚазҰПУ мен ХҰПУ арасындағы қосымша келісім шарттарға қол қою мақсатында Ханой педагогикалық университетінде( Ханой қ.) болып қайтты.
Хошимин педагогикалық университінің ректораты Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры академик С.Ж.Пірәлиевке Абай атындағы ҚазҰПУ делегаттарымен бірге жүргізілген жұмысы үшін және алдағы уақыттарда ЖОО арасында тығыз байланыс орнатамын деген ықыласына өз алғысын білдірді.

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ мен ХПУ арасындағы халықаралық әріптестік туралы келісімді талқылау.