қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.04.2021

«Абай Сыйы-2021» Халықаралық пәндік олимпиадасының I, II- кезеңін өткізуге арналған нұсқаулық

 

«Абай Сыйы-2021» Халықаралық пәндік олимпиадасына on-line жүйесінде тіркелу 2021 жылғы 15.04-09.05 аралығында Нұр-сұлтан Қ. уақытымен сағат 00-ге дейін http://olymp.kaznpu.kz/kz/ сайты арқылы жүргізіледі;

 

«Абай Сыйы-2021» Халықаралық пәндік олимпиадасының I - іріктеу кезеңі тест түрінде 2021 жылы 10.05-15.05 аралығында on-line жүйесінде өткізіледі;

 

Еске саламыз, on-line жүйесінде тест тапсыруға 2 мүмкіндік берілген:

1 - мүмкіндік байқау немесе дайындық тестілеуден өту, 1 - мүмкіндікте жинақтаған балл тестілеу нәтижесі ретінде есептелмейді;
2 - мүмкіндік, бұл соңғы қорытынды нәтиже. Олимпиаданың 1- кезеңінің нәтижесі ретінде 2 - мүмкіндікте жинаған балыңыз есептеледі;

Тест тапсырмаларының саны - 30;

 

Тест тапсыруға бөлінген уақыт 60 минут;

 

Ұсынылған бес жауаптың бірін таңдау арқылы, әрбір тест тапсырмасына дұрыс жауап ретінде 1 балл беріледі;

 

Тест тапсыру нәтижесі бойынша 15 балдан (50%) кем емес балл жинаған үміткерлерге, «Абай Сыйы-2021» Халықаралық пәндік олимпиадасының ІІ -кезеңіне жолдама беріледі.

 

«Абай Сыйы-2021» Халықаралық пәндік олимпиадасының II - кезеңі on-line жүйесінде 2021 жылы 18-19 мамыр аралығында өткізіледі.

 

Ескерту: «Абай Сыйы-2021» олимпиадасына Қазақстан Республикасы білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары, сондай-ақ барлық шетел мектеп бітіруші түлектері қатыса алады.