
Негізгі бет /
Хабарландыру
12.04.2021
Физика пәнінен олимпиада өтеді
Абай атындағы ҚазҰПУ-да жыл сайын «Ғылым айы» іс-шарасы өткізіледі. Осыған байланысты «Физика» кафедрасы физика пәнінен Олимпиаданы онлайн форматта өткізуді жоспарлап отыр. Олимпиадаға Математика, физика және информатика институтының барлық мамандықтары қатыса алады. Олимпиада 2021 жылдың 12 сәуірінде сағат 15.00-де өтеді.
Олимпиада басталар алдында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін физика пәні бойынша тестілеуден өтеді. Олимпиадада Физика пәнінен 5 есеп беріледі. Олимпиаданы өткізу ұзақтығы 3 сағат. Студенттер олимпиада біткеннен кейін есеп шығару нәтижелерін сурет түрінде RystygulovaV@mail.ru электронды поштасына жібереді. Ұйымдастыру комитеті: Олимпиада модераторы: Физика кафедрасының қауым. профессоры, ф.-м.ғ.к. Рыстыгулова В.Б.
Әділ қазылар алқасы: Тезекеев С.М. - аға оқытушы; Насирова Д.М. - PhD доктор, аға оқытушы, Алиева М.Е. - магистр, оқытушы.
Онлайн: https://zoom.us/j/93830206043?pwd=WUowMkNkS2hENElMZU5xRllQbzMrZz09
Идентификатор: 938 3020 6043, Код: 635026.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|