
Негізгі бет
Жаңалықтар
03.09.2024
Абай университетінің студенті каратэден Азия чемпионатының алтын жүлдегері 2024 жылғы 23 мен 25 тамыз аралығында Манила қаласында (Филиппин) WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтті.
Жарысқа 30 елден 600-ге жуық спортшы қатысты. Ал, ұлттық құрамадан барлығы 37 спортшы ел намысын қорғау үшін Филиппин астанасына аттанған болатын. Жарыста Абай атындағы ҚазҰПУ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Қадырғали Әлихан 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, алтын жүлдеге ие болды.
Студентімізді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|