қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.06.2024

Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау


2023-2024 оқу жылы Абай университеті студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы Республикалық конкурсының ІІ кезеңін өткізуде 9 білім беру бағдарламасы бойынша базалық ЖОО болып табылды. Республиканың 11 жоғары оқу орнынан 52 студент пен магистранттың ғылыми жобаларын бекітілген 31 адамнан құралған комиссия мүшелері сараптамадан өткізді. Байқаудың нәтижесі бойынша Абай университетінің үздік 10-студенті мен 12-магистранты лауреат атанып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің І, ІІ, ІІІ - дәрежелі дипломдарын иеленді.


2024 жылдың 20 маусымында Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Ертай Сұлтан жыл сайынғы Республикалық студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпаздарын құттықтап, марапаттады. Марапаттау рәсіміне Ғылым департаментінің директоры Ұ.Әбдіғапбарова, ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының бастығы Г.Баймбетова және лауреат-студенттер мен магистранттарды даярлаған ғылыми жетекшілері қатысты.


Жас зерттеушілерімізді жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз және алдағы зерттеулеріне сәттілік тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=