қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.12.2017

«Медеу» мұз айдынындағы белсенді демалыс

 

2017 жылдың 6 желтоқсаны күні «Медеу» спорт кешенінде Тәуелсіздіктің 26 жылдық мерейтойына арналған «KazNPU Stars» атты студент жастардың жаппай сырғанауы акциясы ұйымдастырылды.

 

Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында жастардың бойындағы патриоттық сезімдерді арттыру, бос уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру, оларды ұжымдық бірлікке тәрбиелеу мақсатында өтті. 500-ге жуық білім алушының басын біріктірген шараны университет ректоры Такир Балықбаев ашып, барша акция қатысушыларын келе жатқан еліміздің төл мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Одан әрі сауықтыру-мәдени шара жастардың флешмобына жалғасып, университетіміздің өнерпаздары әсем әннен шашу шашты. Сонымен қатар шара барысында студенттер арасында мұз айдынында кедергілерден өтіп сырғанау және топпен сырғанау сынды ойындар ұйымдастырылды.

 

Ашық аспан аясында өткізілген бұл белсенді демалыс университет ректорының бастамасымен жаппай сырғанауға ұласып, жастарымызды сергітіп, көтеріңкі көңіл сыйлады.

 

  

 

  

 

    

 

   

 

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жүмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент