қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
01.12.2017

Тұлғалық қасиет - жастарға өнеге

 


 

Қай халықтың болмасын болашағы басшысына байланысты екені белгілі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көшбасшылық тұлғасы ерекше. Елдің көшін алға сүйреп, әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыруда оның сіңірген еңбегі айтарлықтай.


«Нұрсұлтан Назарбаев ­- Тә­уелсіз мемлекеттің негі­зін қалап, оның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан саяси тұлға, экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруға білім-білігін арнап жүрген көшбасшы. Ол - бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман ­­­­­­- Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өз орнын алған қайраткер.


Тәуелсіздік жарияланған тұс­­та мемлекетіміз экономика­лық құлдырау шегінде тұрға­ны белгілі. Елдің өз алдына түтін түтетіп, аяғынан тік тұрып кетеріне сенімсіздік білдір­ген­дер аз емес еді. Н.Назар­баев­тың сарабдал саясатының, қажырлы еңбегінің арқасында сол күмән-күдіктің бәрін же­ңіп, бүгінде болашағы жар­қын мемлекеттердің біріне айналдық. Орталық Азиядағы көшбасшы ел болуға ұмтылдық. Әлемнің ең алып мемлекеттері бізбен санасатын болды. Бар-жоғы ширек ғасырда Қазақстан тыныштық пен тұрақтылық берік орнаған жерұйық мекенге айналды.


Қазіргі таңда республиканың экономикалық әлеуеті арты­п келеді. Халықтың тұр­мыс-тіршілігі ауыз толтырып айтар­лықтай өзгерді. Тәуел­сіздіктің Туын тік көтерген Елбасы еліміздің тамырына нәр беріп, қажымай-талмай халқын алға бастап келеді. Елімізді бәсекеге қабілетті, қай салада болмасын мойны озық дамушы елдердің санатына қосуды мақсат еткен Тұңғыш Президентіміз осы жолда аянбай тер төгуде. Әлемді шарпыған қаржы-экономикалық дағдарысты елдің алды болып еңсердік. Индустриялық-инновациялық дамудың жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Дүниенің алпауыт мемлекеттері құрметтейтін аса беделді Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына тө­рағалық етіп, халықаралық дең­гейде танымалдығымыз арта түсті.


Елбасы өзінің озық ойлы, өмір­шең қағида-ұстанымдары­­мен, қарапайым мінезі­мен құрметке бөленген жан еке­ніне бәріміз де куәміз. Оның бір ғана дәлелі, Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесінен жаппай қырып-жоятын қару-жарақтарды қысқартып, оған кететін қаражатты ауру-сырқауларды емдетуге беру туралы ұсыныс айтып, зор қошамет пен үлкен қолдауға ие болғаны да есімізде. Өткен жылы ғана осы беделді ұйымның төрінен әлем халықтарын бейбітшілікке шақырған үндеуі де бүкіл әлемді өзіне қаратты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның өз еркімен ядролық қарулардан бас тартуы да бейбітшілік сүйгіш саясаттың жемісі еді.


Тәуелсіздік жылдарында ар­қа төсінен жаңа Елордамыз - Астананы салғызып, батыл шешім жасаған Елбасы үстіміздегі жылы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге мұрындық болып тағы да әлем жұртшылығын мойындатты. Бүгінде жер-жаһан Назарбаев десе Қазақстанды, Қазақстан десе Назарбаевты еске алатыны оның осы заманғы лайықты көшбасшыық тұлғасын ай­қын­дай түседі. Бұл - біз үшін зор мақтаныш.


Ұлттың болашағы үшін тәрбиенің маңызы зор екені белгілі. Елбасы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл бөле отырып, Мәңгілік Ел, интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру және Рухани жаңғыру идеяларын ұсынып, бүгінде ол халқымыздың ортақ мақсатқа жұмылдырып отыр.


Елбасы күллі адамзат дүниесінің бейбітшілігі мен татулығын, өз халқының тұрақ­тылығы мен тұтастығын көксе­ген заман қайраткері. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан сүрінбей, үлкен абыроймен өткен Елбасы есімі тарих төрінен орын алары сөзсіз.
Қабырғалы қалың елдің еңсесін көтеріп, есесін қай­тарып, халқымыздың бүгінгі дәрежеге жетуіне күш салған Елбасы тұлғасы бүгінгілерге де, ертеңгілерге де өнеге».


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Тұлғатану» орталығы Тұңғыш Президент Күніне орай өткізген танымдық кешті университет ректоры, профессор Такир Оспанұлы Балықбаев осындай сөздермен ашты.


«Тұлғатану» орталығының мақсаты - студенттерді қазақ халқының озық ойлы отаншыл және дана тұлғаларының, ұлт көшбасшыларының өнеге­сін­­де тәрбиелеп, болашақ ма­ман­­дарды тұлға ретінде қа­лып­тас­тыру. Мұнда Елбасы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назар­­­баевтың азаматтық, адамгер­шілік, отан­шылдық, көшбас­­шылық, кө­семдік қасиет­терінің жас ұр­пақ­ты тұлға ретінде тәр­бие­леу­дегі маңы­зы зор.


Кеште «Ұлттың ұлы тұлғасы» тақырыбында баян­да­­ма жасаған М.О.Әуезов атында­­ғы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі Уәлихан Қалижанұлы Елбасымыздың тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру, оның іргесін бекіту, экономикалық және әлеуметтік әлеуетін күшейту, еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықты, халықаралық қатынастарды нығайту, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындау жолындағы жанқияр еңбектеріне тоқтала келіп, Елбасының сан қырлы тұлғалық ерекшеліктеріне назар аударды.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Халықаралық қатынастар ка­фед­расының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Симтиков «Елбасы және Рухани жаңғыру» тақырыбындағы баяндамасында Тұңғыш Президенттің саяси портретін жан-жақты ашып көрсетуге тырсты.


Сонау 50-ші жылдары Қаскелең қаласындағы Абай атын­­­дағы орта мектепте Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен бір сы­нып­та оқыған Рая Сиразитдинова мен Кеңес Байбосынов студент-жастарға Елбасының мектепте оқыған кездерінен қызықты әңгімелер айтып берді. «Н.Назарбаев сол кездің өзінде тұлғалық және көшбасшылық қабілеттерімен көзге түсіп жүретін», - деді олар.


Жалпы, Елбасының адами қасиеттері, көшбасшылық және көсемдік дарыны туралы ағыл-тегіл сыр ақтарылған бұл кештің студенттерді тұлғалық қасиеттерге тәрбиелеудегі рөлі зор болғанын ерекше атап өткен жөн. Кешке жиналғандар университет ректоры Такир Балықбаевқа және «Тұлғатану» орталығының директоры Дана Мұқатоваға ризашылықтарын білдірді.

 

Авторы: Мырзахан АХМЕТОВ,Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

01.12.2017ж.

Ақпарат көзі: pr-hal.kz