қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.05.2024

Химиялық білім беруде тұрақты даму мақсаттарын кіріктіру

 

2024 жылдың 21 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың химия кафедрасында «Климаттың өзгеруі бойынша білім беру перспективалары» Азия форумының қонағы, Окаяма университетінің профессоры, ЮНЕСКО департаментінің «Тұрақты даму мүддесі үшін білім беруді ынталандыру» орталығының директоры Хироки Фудзимен кездесу өтті. Құрметті профессор химия кафедрасының оқытушыларымен және «8D01510-Химия» мамандығының 1 курс докторанттарымен кездесті.

Кездесу барысында профессор Х.Фудзи «Химияны оқытудағы тұрақты даму мақсаттарын интеграциялау жолдары» тақырыбында дәріс оқып, кафедраның докторанттары Есімханова Құттықызы, Мұхамбеталиева Зухра және Адал Сәулеттің докторлық диссертацияларының келесі тақырыптары бойынша кеңес берді: «Қазақстанда кәсіптік білім беруде химияның тұрақты даму мақсаттарымен интеграциясы: әдістемелік негіздері», «Химия педагогтерін даярлауда тұрақты даму мақсаттары негізінде soft skills құзыреттілігін қалыптастыру», «Жоғары білім беруде физика-химиялық әдістерді оқытудың педагогикалық тәсілдерін жетілдіру». Профессор Х.Фудзидің еңбегі бүкіл әлемде жоғары бағаланады, оның тәжірибесі университетіміз үшін өте құнды. Профессор Хироки Фудзиге үлкен алғысымызды білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз.

 

  alt=  

  alt=