қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.05.2024

Aбай университетінің постдокторанты Шымкентте ғылыми сапарда болды 

 

2024 жылдың 12 - 23 мамыр аралығында ҚР ҒЖБМ АР19576707 «Оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL) арқылы болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру» ғылыми жобасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ постдокторанты А.Н. Умирбекова  Шымкент қаласының Ж.Ташенов атындағы университетінде және Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасында болашақ педагогтердің инклюзивті білім беруге қатынасын зерттеу мақсатында эксперименталды зерттеу жүргізіп, жоба нәтижелерімен бөлісті.


Іссапар барысында жоба жетекшісі - PhD, қауымдастырылған профессор м.а., постдокторант А.Н. Умирбекова екі университет ұжымымен жоба нәтижелері бойынша семинар - тренинг өткізіп, университеттердің білім алушылары арасында анықтау экспериментін жүргізді, жоспарланған әдістемелік құралдарын ұйымдастырды.  


«Болашақ педагогтерді инклюзивті білім беру ортасына даярлау ерекшеліктері» және «Болашақ бастауыш білім педагогтерінің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері» тақырыбында екі бағытқа арналған шара семинар - тренинг форматында өткізілді.


Сапар соңында постдокторантқа университеттер басшылығынан алғыс хаттар табыс етілді. Бұл Шымкент қаласының Ж.Ташенов атындағы университеті мен Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті ұжымымен сапалы негізде бірлесіп қызмет етуге жақсы мүмкіндік болды.

 

  alt=  

  alt=